Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған Қазақстан Арменияға қару-жарақ жеткізіп бермекші деген хабарламаға түсініктеме берді, - деп жазады StopFake.kz сайты. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желілер мен веб-сайттарда Қазақстанның Арменияға әскери техника жеткізгені туралы хабарламалар таралуда. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.
«Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақ жеткізілді деген болжамды ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынды. Осыған байланысты біз азаматтар мен БАҚ өкілдерін таралып жатқан қауесеттерге сенбей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
«Адырна» ұлттық порталы