Ресейдің Украинаға басқыншылығы барысында 49 мың 281 ресейлік әскери қызметкердің қаза тапқаны расталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы халықаралық БАҚ-қа сілтеп.
Соңғы екі аптада қаза тапқан ресейлік әскерилер тізіміне тағы 1580 адамның аты-жөні қосылды. Тілшілердің мәліметінше, қаза тапқандар тізімінде армия мен басқа да күш құрылымдарының 3300-ден астам офицері бар, оның 386-сы подполковник және одан жоғары шендегі адамдар.
«Медиазона» өз баяндамасында «Вестк» басылымының Ресейде мобилизацияның жаңа толқыны дайындалып жатқанына және Ресей Қорғаныс министрлігі жақын арада тағы 300 мың адамды соғысқа жіберуді жоспарлап отырғанын жазды.
Тәуелсіз сарапшылар бұған дейін де Владимир Путин сайланған соң Ресейде жаңа жұмылдыру басталуы мүмкін деген болжам айтқан болатын. Алайда Ресей Қорғаныс министрлігі әзірге мұндай жоспарлар жоқ деп сендірді. Бұл туралы Meduza хабарлады.
Журналистер өз еркімен соғысқа шыққысы келетін ресейліктердің санын анықтау қиын деп жазады.
«Банктердің соғысқа қатысушыларға беретін несиелік демалыстар туралы мәліметінен соң халықтың төрттен бірі яғни, кем дегенде 30 мың адам әскерге қосылатыны белгілі болды. Бұл тек несиесі бар және жеңілдікті пайдаланғысы келетіндер ғана», - деп атап өтті Mediazona.
Айта кету керек, New York Times басылымы Украинадағы соғыс басталғалы бері қаза тапқан және жараланған украиналық және ресейлік әскерилердің жалпы саны 500 мыңға жуық екенін жазды.
Ал Американың орталық барлау басқармасы ресейлік шығынды 315 мың адам деп есептейді.
АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс американдық Foreign Affairs басылымының 30 қаңтардағы мақаласында Ресей армиясының жалпы шығынын, жараланғандарын қоса алғанда 315 мың адам деп жазды.