Сайлау. Интернет халқының дауысы аз

1769
Adyrna.kz Telegram

Кейде осы интернеттегі "қосанов - бойкот" деген айғай - шудың бәрі далбаса нәрсе ау деп ойлаймын.
Әлеуметтік желіде, мысалы осы фейсбукте ары кетсе 150 мың адам, ютубте саяси роликтер көрілімі бойынша 1- 2 млн,
инстаграмм, вк, ватсап бәрін қоссақ сол ютуб санындай болады. Ал елімізде 18 млн адам, оның басым бөлігі телевизорда отыратын "мещандар", бізде бәрібір сайлаудың тағдырын шешетін осы "мещандар" болады ау осы.
Енді осы "мещандар" дегеннің кім екеніне тоқталсам.. Бұлар жұмыс пен үй екі ортасында ғана ғұмыр кешетін адамдар, бұлар "ел - жер", "саясат", "келешек" дегенге бастарын қатыра қоймайды. Әдетте бұлардың наразылығы еш зияны жоқ күңкілден аспайды. Таза тоғышарлар.
Бәрін телевизордан біліп, көріп, соған құлай сеніп отырады. Өзге жұрт телефонға шұқшиып желіден ақпарат іздеп отырса, бұл "мещандарда" ондай нәрсе жоқ, бұлар телефонды тек звандасу үшін немесе ара - тұра ватсапқа кіру үшін пайдаланады. "Жылай бермей жұмыс істеу керек, қазақтың өзі жалқау, қимылдау керек"."Кім ұрламай жатыр, бәрі ұрлайды, сен де ұрлайсың" деген сөз де тап осылардың сөздері.
Ол ол ма, телевизор анаған дауыс бер десе, мыналар соған барып бір кісідей дауыс береді, ал кандидаты уже таққа отырып алған оның не дейтіні белгілі. "Мещандар" тұп - тура сол таққа барып дауыс беріп келеді. "Не үшін дауыс бердіңіз" деп сұрасаңыз, "уже отыр ғой" дейді. Сондықтан бұлардың жапырлап сайлауға барғаны, бұлар бәрін былықтырды деп есептей беріңіз. Жалпы, "мещандар" саны көп өте әлеуетті қауым. Біздің мемлекетіміздің келешегін іс жүзінде осылар анықтап отыр және әлі ұзақ солай болады, дәлірек айтсақ осылардың надандығы шешеді.
Қалай десек те біздегі "бойкотшылар" мен Қосановтың жақтастары ана қауымға қарағанда өте креативный халық және өзара мүдделес топтар, бұлардың тәсілдері әртүрлі болғанымен, бұлар өзгерісті қалаған бір атаның балалары деп те ойлаймын. Алайда, өкінішке орай интернет халқының саны аз. Сайлаудың аты сайлаумен, бірақ бізде бәрін сол "мещандар" шешеді.

Олжас Әбіл

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер