Америка президенті Дональд Трамп Британдық BBC корпорациясына қарсы 1-5 миллиард доллар көлемінде талап арыз берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Трамп корпорацияны өзінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы сөзін «Panorama» бағдарламасында бұрмалау мен манипуляция жасағаны үшін сотқа беретінін хабарлаған еді.
BBC редакциясы арыздың 2025 жылғы 15 желтоқсанда Флорида штатының сотына түскенін растап, ақпарат таратты.
Трамптың адвокаттары корпорацияны коммерциялық құқық нормаларын бұзды деп айыптап, «қасақана, зиянкестік пен адастыратын редактура» жасағанын алға тартады.
BBC басшылығы әзірге арызды ресми түрде түсіндірмеді.
Айта кетейік, қараша айында BBC американдық көшбасшыдан монтаждалған сөздер үшін кешірім сұрағанымен, өтемақы талаптарын қанағаттандырмай, айыптау негізі жоқ екенін мәлімдеген еді.