Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшыларын тағайындады, деп Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен: "Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды".
Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды", - делінген сейсенбідегі хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Мереке Матимұлы Көшекбаев "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
«Адырна» ұлттық порталы