Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшыларын тағайындады

3042
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/4f6724b7-9e00-484e-968c-2000ce01f39d.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшыларын тағайындады, деп Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен: "Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды". Жеңіс Мұхамедқалиұлы Маралов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды", - делінген сейсенбідегі хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Мереке Матимұлы Көшекбаев "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

 «Адырна» ұлттық порталы

Comments