Үш найзаның астына отырғызып, бетімізге түкірсе, жеңілдер ме, бұл қайғым...

2033
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/shahta-қaraғandyy-960x500.jpeg?token=9c08ebd89ff2d6725e7bcd52eba8ae01
Ішімдегі бар запыранды кімге, қайда "лақ" еткізерімді білмеймін...
Қаза болғандардың ішінде ортақ таныстар да бар.
1989-жылғы Олжас Қамиев деген жігіттің үйіне кіріп шығамыз бүгін. Артындағы екі қызына, ұлына не айтасың? Қалай жұбатасың? Мемлекеттің беретін өтемақысы оларға әке бола ма? Иә, жамбасы жерге тиген соң, топырағы кепкен соң әлдебір жыртығын жамар... Бірақ, осы ауыр қайғыны олар жазықсыз тартып отыр ғой. Сіз бен біздің небір сұмдыққа, жемқорлыққа көз жұма қарағанымыздан болды осының бәрі.
✓Неге осы мәселені тоқтаусыз жазбадық?
✓Қайсібір жылы шахтерлар ереуілдеткен. Жердің астынан шықпай қойды. Ауа желдеткіштерін ағытып тастап, жер астынан қуып шықтық...
✓Неге шахтерлардың мәселесін тек айлық көтерумен шешкендей болғанбыз? Одан құрал-сайман, техника жаңарып кеткен жоқ қой?
Үш найзаның астына отырғызып, бетімізге түкірсе, жеңілдер ме, бұл қайғым...
   
Пікірлер