Министр әншінің орденіне қатысты пікір білдірді

2198
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Әли Оқаповтың «Құрмет» орденімен марапатталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Анасының танымалдылығына байланысты көпшілік Әли Оқаповтың шығармашылығына күмәнмен қарайды. Бірақ мен көп жылдар бойы жас өнерпаздардың шығармашылық жолы мен дамуын мұқият қадағалап келемін. Әлидің де анасы сияқты нағыз еңбекқор екенін айтқым келеді. Ол — сахна шебері, өз көрерменіне үлкен құрметпен қарайтын жоғары білімді, талантты өнерпаз. Әли де Роза Қуанышқызы сияқты патриот. Бір адамның бойынан осындай қасиеттердің табылуы сирек кездесетін жағдай деп ойлаймын»,– деді ол.

Министр музыкантты нағыз еңбекқор адамының үлгісі деп санайтынын айтты. Балаеваның пікірінше, адал еңбек әрқашан жоғары бағалануы тиіс.

«Баға берер кезде әртістің шыққан тегіне қарамай, әділ болуымыз керек. Әли Оқаповтың марапаты жастарымызға үлгі болып, оларды ынталандырады»,—деді Аида Балаева.

Еске салайық, бұған дейін
Әли Оқаповтың желідегі сыннан кейін барлық марапатынан бас тартатынын айтқан еді.

Пікірлер