Олигархтардың ұрлаған ақшасын мемлекетке қайтару да үлкен жұмыс – Қайрат Балабиев

2149
Adyrna.kz Telegram
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Заң туралы аталған заң жобасымен тікелей айналысқан депутаттардың бірі Қайрат Балабиев айтып берді.

“Біз Заң жобасы шілде айында қабылдап біттік. Содан кейін Президент қол қойды. Үкімет жанында комиссия құрылды, Бас прокуратуранының жанынан комитет құрылды. Комитет қабылдаған шешімдердің барлығы ашық болады, халыққа жетеді. Бұл заңда дамыған озық елдердің тәжірибесі ескерілді. Келешекте бұл заңнан халыққа көп пайда келеді, түскен ақшаның бәрі тікелей әлеуметтік салаға – мектептер, ауруханалар салуға жұмсалады. Заң қабылдаған соң, мұның жұмысына ешкім кедергі бола алмайды”, - деді ол Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, қылмыстық жауапкершілікті былай қойғанда, заңсыз шығарылған қаржыны мемлекетке ерікті түрде қайтарып алудың өзі үлкен жұмыс.

«Заңда ақшаны өз еркімен қайтару деген бап бар. Кімде кім көп ақша шығарып, келісіммен өздігімен ақшаны қайтарып жатса,ол өте жақсы. Қаржыны қайтарып алудың өзі үлкен жұмыс. Мұның өзі үлкен жаза. Оның үстіне қайтқан ақша халық игіліне жұмсалады ғой. 100 млн доллардан аса қаржы шығарғандардың барлығын тексереді. Құқық қорғау органдарына оларды тауып, заңсыздықтарды анықтау қиындық тудырмайды», - деді жаңа заң туралы депутат.

Пікірлер