Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті. Бұл турлы altaynews.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" темір жолының учаскесінде жүк пойызының 12 вагонының дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды.
Оқиғаның егжей-тегжейлері нақтыланады. Жүк пойызы кен және көмір тасымалдаған.