Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті

2934
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/ce487dc7-1dec-461d-8071-9dee68b2a6f7.jpeg
Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті. Бұл турлы altaynews.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ақпаратқа сәйкес, бүгін таңертең "Бұқтырма-Заводинка" темір жолының учаскесінде жүк пойызының 12 вагонының дөңгелек жұптары рельстен шығып кеткен, бірақ аударылмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, Алтай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының билігі жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу жұмылдырылды. Оқиғаның егжей-тегжейлері нақтыланады. Жүк пойызы кен және көмір тасымалдаған.
댓글
기타 기사