Алматыда қоғамдық автобус бағдаршам мен газ құбырына соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы krispnews.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Желіде тараған бейнежазбадан №100 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазан күні түскі сағат 12:00 шамасында Медеу ауданында болған.
"Foton" автобусының жүргізуші Халиуллин көшесімен батыс бағытта келе жатып Тәттібеков көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып бағдаршам мен газ құбырына соғылды, - деп хабарлады департамент.
Жол апаты салдарынан 59 жастағы жаяу жүргінші зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 10 жылда қала өте жылдам әрі ретсіз өсті. Алматының аумағы екі еседен астам кеңейді. Бірақ инфрақұрылымның дамуы әр жерде әртүрлі болып отыр.
