Журналист Гүлжан Ерғалиева Олжас Сүлейменов атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды

2178
Adyrna.kz Telegram
Фото Сағымбай Қозыбаевтың Facebook парақшасынан
Фото Сағымбай Қозыбаевтың Facebook парақшасынан

Танымал журналист Гүлжан Ерғалиева халықаралық марапатқа ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қазақстан журналистика академиясы 2021 жылы құрметті академик, халықтың мақтан тұтар ұлы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдығына орай халықаралық сыйлық тағайындалған.

Мәртебелі марапаттың биылғы иегері болып журналист Гүлжан Ерғалиева танылды. Қуанышты жаңалықпен Журналистика Академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, 56 кітаптың авторы Сағымбай Қозыбаев Facebook парақшасында бөлісті.

"Академия президиумының шешімімен биылғы 19 қазанда Семей полигонындағы соңғы ядролық жарылыстың мерейтойында марапаттың келесі иегері ретінде еліміздегі ең көрнекті журналист Гүлжан Ерғалиева аталды. Журналистика Академиясы Ерғалиева Гүлжан Хамитқызын шын жүректен құттықтап, лауреатқа жаңа шығармашылық табыстар тілейді!", - делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 2022 жылы бұл марапатқа Академия президенті Сағымбай Қозыбаев лайық деп танылып, қайраткерге Олжас Сүлейменов атындағы Халықаралық сыйлығы табыцсталған.

Пікірлер