Отыз бес мың доллар. Қырғызстан ханымы кілемді сыйлыққа алудан бас тартты

53
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rVlcNiu0j8H38vEggYsWVGqMeq9YAwSfj4BPSQzI.jpg

Қырғызстанның бірінші ханымы Айгүл Жапарова 4 қыркүйекте этнобазарда бағалы тастармен безендірілген кілемді сыйлыққа алудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Баястан есімді саудагер бірінші ханымға оны көптен бері кездестіргісі келгенін айтып, саудаға шығарылған кілемді сыйға тартқысы келген. Алайда Айгүл Жапарова алғыс айтып, сыйлықты қабылдамаған.

Сатушының айтуынша, кілемнің бағасы — 35 мың доллар.

Баястан кілемді бастапқыда 31 тамызда «Бишкек Арена» стадионында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында бірінші ханымға табыстағысы келген. Алайда ол шараға кіре алмаған.

Кейін Айгүл Жапарованың Қырчынға баратынын естіп, Баястан 2 қыркүйектен бастап оның келуін күткен.

Кейін журналистерге берген сұхбатында саудагер кілемді алғашында анасына арнап арнайы жасатқанын айтты. Оның сөзінше, отбасы қоныс аударғаннан кейін кілем жаңа үйдің дизайнына сәйкес келмей қалған.

«Біз көшіп кеттік, кілемнің дизайны жаңа үйге сәйкес келмейді. Сондықтан басқа кілемге тапсырыс беремін», — деді Баястан.

Пікірлер