Ақтаулық оқушылар ғылыми жобалар сайысының желілік кезеңіне жолдама алды

1073
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ғылыми жобалар сайысына қатысып, желілік кезеңге жолдама алды.

Жас зерттеушілерге арналған желілік сайыстың алғашқы туры 16-20 қазан аралығында қашықтан өтті. Байқауға NIS-тің 900-ден аса оқушысы 636 жоба ұсынса, ақтаулық оқушылар 23 жоба қорғады.

Желілік ғылыми жобалар байқауы бес бағытта ұйымдастырылды – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлары» және «Туған елге тағзым».

Іріктеу кезеңінде 12-сынып оқушылары Ахмет  Қуантқан пен  Рашид Ташир жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Ару Қорғанбаева бірігіп жасаған  «Тіл таным4.com» (Төртінші жаһандық индустрияландыру) интерфейсі» атты ғылыми жұмысы көпшіліктің қызығушылығын оятты.

- Бұл «Тіл таным4.com» (Төртінші жаһандық индустрияландыру) интерфейсі» деп аталатын жоба арқылы кез-келген ортада ұялы телефонды, гаджетті қуаттап қазақ тіліне деген сұраныс пен қажеттілікті арттыра отырып, жалпы халықтың сөйлеу мәнерін, тіл байлығын сөздік қорын дамыту, қазақ тілінің аясын кеңейту мәселесін шеше алады,- дейді жобаны құрастырушы Ахмет Қуантқан

Ақпарат құралдарындағы жарыспалы сөздердің қолданысына талдау жасаған 9-сынып оқушылары  Бибінұр Бошман және  Мөлдір Иманғазы тiл тaзалығын сaқтaудың маңыздылығын айтты.

- Орфогрaфиялық зaңдылықтaрдың сaқтaлмaуынан тiлiмiзде жaрыспaлы сөздердiң қaтaры көбеюде. Бұл сөздердiң сыңaрлaры әртүрлi қолдaнылып жүр. Мысалы, рақмет-рахмет, ештеңе-ештеме, аракідік-арагідік, т.б. Бұл – сaуaтсыздыққa aлып келетiн жaйттaрдың бiрi. Зерттеу жұмысының нәтижесі әрі осы мәселенiң шешiмi ретiнде «JARYSAIYQ» қосымшaсын ұсынaмыз. Жaрыспaлы сөздердiң қaй нұсқaсының дұрыс екендiгiн ойын түрінде анықтайды, әрi тiл бiлiмi бойыншa бiлiмiн шыңдaуғa  мүмкiндiк бередi. Қaзiргі технология үдерiсінде aдaмдaрғa құр сөзден гөрi, күнделiктi пaйдaлaнaтын қосымшaны ұсынғaнды дұрыс деп есептеймiз,- дейді қатысушы Бибінұр Бошман  

«Жарыспалы сөздердің ақпарат құралдарындағы жиілігі» тақырыбындағы жобаның жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Сәния Дауталиева. The

Аталған жобалар ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңге қатысады, сондай-ақ, «Техника» бағыты бойынша байқауға қатысқан 10-сынып оқушылары Жаншуақ Абжетова, Фариза Ғинулла «Life Saver All» деп аталатын ғылыми жобаларын әділ қазы алдында қорғап, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері физика пәні мұғалімі Лаура Бекешова.

Оқушылардың жобаларын белгілі отандық сарапшылар мен озық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының, ғылыми жаңалықтар мен заманауи технологиялар саласындағы зертханалардың ғалымдары бағалады.

Байқаудың екінші туры 2023 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында NIS Ph&M Astana базасында жаратылыстану-математикалық бағытта және NIS Ch&B Almaty базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша офлайн форматта өтеді.

 

Пікірлер