«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиевтің атрезия және микротия патологиясымен туған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевке депутаттық сауал жолдады, деп жазады “Адырна” порталы.
Ол Қазақстандағы 3000 баланың микротия және атрезия патологиясы, яғни құлақсыз туылу дертіне ем таппай тентіреп жүрген халықтың жағдайын айтып, “Қазақстан халқына” қоры атынан емделуге қажетті қаражатты қамтамасыз етіп беруді сұрады.
“Жас бала құстың көлеңкесінен тоңады» дейтін қазақпыз. Әлгіндей жауаптарды алғанда құлақсыз туған баланың жаны қалай жаурайды десеңізші? Шырылдаған ата-аналар ақырында «Қазақстан халқына» қорына барыпты. Бірақ Қор да қор қылып қайтарыпты. «Бізде бұл мақсатқа ақша қарастырылмаған» деген суық, суыт жауап берген. Қазақстанда аталған дертті емдейтін маман жоқ, әйтпесе естімейтін баласының жанайқайын билікке естірте алмай жүрген ата-ана Америка асып қайтсін? Бұл тек ресми тіркелген 3000-нан астам баланың әке-анасының жанайқайы, науқас ретінде тіркелмегендері тіптен көп.
Ұсыныстар:
Аталған мәселерді ескеріп, ұсыныстарды назарға алып заңнамамен белгіленген мерзімде жазбаша жауап күтемін” деді ол.