18 қазанда Мәжіліс алаңында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда көлік салығын алып тастау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" порталының тілшісі.
Журналистер Әлібек Қуантыровтан Қазақстандағы көлік салығына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтып беруін өтінді.
«Бұл мәселе талқыланбайды, ол (көлік салығы. – Ред.) қалады», - деп қысқа қайырды ҰЭМ басшысы.
11 қыркүйекте ҚР Ұлттық экономика министрлігі алдағы уақытта көлік салығын алып тастау туралы ұсыныс жасағаны хабарланған болатын. Басқарма барлығын салықтан босату ұсынылмайтынын хабарлады. Қозғалтқыш көлемі ұлғайтылған автокөліктерге салықты сақтап қалу ұсынылып отыр.