Алматы көшелерінде жаңа жол белгісі пайда болды

2664
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы көшелерінде зигзаг тәрізді жаңа жол белгісі пайда болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Баспасөз мәліметінше, ерекше ирек сызық Тілендиев көшесінде пайда болды.

Жаяу жүргіншілер жолағының алдындағы ирек таңба шетелде болған жүргізушілерге таныс болуы мүмкін. Сырт пішіні көзге үйреншікті бөлу жолақтарынан өзгеше. Ол жолақтың тарылғанын көрсетіп, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап қалды дегенді ескертеді.

Жол ережесінде бұл туралы не жазылған?

Сары зигзаг әзірге сынақ режимінде Тілендиев көшесінің Абайдан Төле биге дейінгі бөлігіне сызған. Сол себепті Жол ережесінде бұл белгі туралы мәлімет те, оның сипаттамасы да жоқ. Өзге елде бұл сызықты да кесіп өтуге тыйым салынған. Яғни бұл жерде екінші көлікті басып озуға немесе жаяу жүргіншіні қағып кетудің алдын алу үшін екінші сызыққа ауысуға болмайды. Қазақстанда ресми күшіне енбегендіктен, бұл таңбаны басып өткен жүргізушілер айыппұл төлемейді.

Егер белгі көлік апатының азаюына әсер етсе, оны ережеге енгізіп, қала және ел аумағында қолданады. Десе де сынақтан өтіп жатқан аймақта қанша жаяу жүргіншіні көлік қаққаны туралы статистикалық мәлімет жоқ.

Айта кетейік, әлемдегі көп мемлекетте бұл таңбаны қолдану оның тиімді екенін көрсетті. Бұлар кей жерде жол белгісінен артық. Бірақ белгі мен таңбадан бөлек жаяу жүргіншілер қатысқан апатты азайту үшін тәулік бойы өткел мен ондағы адамдардың көрінуін жақсарту керек. Жолдағы таңба кей тұста белгіден де анық көрініп тұрғаны абзал. Сонда жүргізуші жылдамдықты азайтып, кенет адам шығып қалса дайын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер