Халықаралық іздеудегі Путин Бішкекте жүр

1389
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі
Фото: Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі

Ресей президенті Владимир Путин халықаралық қылмыстық сот іздеу жариялағалы бері алғашқы шетелдік сапарын жасады. Ол Қырғызстанға келіп, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен келіссөздер жүргізіп, Канттағы Ресей әуе базасының 20 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысты. Бұл туралы Euronews жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кремль сапардың негізгі тақырыптарының екіжақты ынтымақтастықты нығайту екенін айтты. Мемлекет басшылары келіссөздер достық жағдайда өткенін атап өтті.

Қырғызстан 1998 жылы Халықаралық қылмыстық сот құру туралы Рим статутына қол қойғанына қарамастан, Владимир Путин украиналық балаларды әкету ісі бойынша қамауға алудан қорықпаған. Өткен жылы ғана Қырғызстан президенті Рим статутын ратификациялауға бұйрық бергенімен, заң жобасы әлі парламентте қаралған жоқ.

Бұған дейін Арменияда Рим статутын ратификациялау Мәскеудің наразылығын тудырған болатын. Кремль бұл қадамды «дұрыс емес» деп атап, Армения басшылығына қосымша сұрақтар туындағанын айтты.

Пікірлер