Маңғыстау облысында көлік апаты болып екі адам қаза тапты

3366
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-10-at-21.07.55.jpeg
Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Бейнеу-Ақтау тасжолында көлік апатынан екі адам қаза тапты, үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. ПД-ның мәліметінше, оқиға 9 қазан күні, сағат 11:50-де болды. Бейнеу ауылынан келе жатқан АГП-20T 3813Н гидравликалық жүк көлігі солға бұрылу кезінде Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
 - Жол апатынан Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді, - делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 💚inAktau.kz Новости Актау (@inaktau.kz)

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер