Абай шығармаларының әзербайжан тіліндегі аудармасы жарық көрді

2915
Adyrna.kz Telegram
Фото: Абай академиясы
Фото: Абай академиясы

Абай шығармаларының әзербайжан тіліндегі аудармасы жарық көрді. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің “Абай академиясы” ғылыми-зерттеу институты мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР Президенттік орталығы Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен бірлесіп, «Абай Әзірбайжанда және әлемде» жинағын таныстырды. Оған Абайдың әзербайжан тіліне аударылған өлеңдері, әндері, қара сөздері, «Абай жолы» романынан үзінділер енген.
Аударма жұмысымен Әзербайжанның көрнекті әдебиет өкілдері П. Хәлилов, М. Ибрахимов, К. Пашаева, Ф. Агаева, Е. Кулиев, Ф. Вәлиева айналысқан, делінген хабарламада.

Пікірлер