Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады

3629
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/aea3b6e5-1591-4574-af86-abd01ae60dbc.jpeg
Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте биылғы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бағаның көтерілуіне бидайдың қымбаттауы мен Ресейден дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салу себеп болған. 19-26 қыркүйек аралығында ұн бағасы 0,6%-ға көтерілді. Сәйкесінше  дүкендерде нан да 0,2%-ға қымбаттаған. Бағаның бұлай өсуі соңғы 14 аптада алғаш рет болып отыр. Ұнның қымбаттағаны әсіресе оңтүстікте байқалады. Мәселен, Шымкентте бір қап ұнның бағасы бір аптада 12 мың теңгеден 17 мыңға жеткен.
Пікірлер