Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады. Бұл туралы Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте биылғы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы мен алдағы маусымаралық кезеңдегі тәуекелдер талқыланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бағаның көтерілуіне бидайдың қымбаттауы мен Ресейден дәнді дақылдарды экспорттауға тыйым салу себеп болған.
19-26 қыркүйек аралығында ұн бағасы 0,6%-ға көтерілді. Сәйкесінше дүкендерде нан да 0,2%-ға қымбаттаған. Бағаның бұлай өсуі соңғы 14 аптада алғаш рет болып отыр.
Ұнның қымбаттағаны әсіресе оңтүстікте байқалады. Мәселен, Шымкентте бір қап ұнның бағасы бір аптада 12 мың теңгеден 17 мыңға жеткен.
Related news
KANAT AITBAYEV: In many “films,” there is no meaning, substance, moral lessons, or literary language at all
The idea of mold at the neighbor's expense. Those who sold Russian wheat on behalf of Kazakhstan were arrested