Риддер ЖЭО-да іске қосылған қазандықтың жұмысы қайта тоқтады

2139
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада іске қосылған Риддер ЖЭО-дағы қазандық жұмысын тағы да тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Риддер әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, ережеге сәйкес күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдықтары 48 сағат ішінде жүктемемен сынақтан өткізіледі.

«Жабдықты кешенді сынау негізгі жабдықтың қалыпты жүктемесі және жылу электр станциясы үшін будың жобалық параметрлері (газ турбиналық қондырғылар үшін) бар негізгі отынмен 72 сағат ішінде қалыпты және үздіксіз жұмыс істеген жағдайда сәтті жүргізілді деп есептеледі. Апатты жағдайларды болдырмау үшін 2-3 қазан аралығында қосымша тексеру үшін №3 қазандық агрегатын тоқтату қажет», - деді әкім.

Тұрғындар бұл ақпарат бүкіл қала ыстық су жоқ деп шулағаннан кейін емес, су берілмей тұрып хабарлануы керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Риддерде ЖЭО апатына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. 2023 жылдың сәуірінен бастап ЖЭО-да жөндеу жұмыстары басталған кезде қалада ыстық су өшірілді.

Бұған дейін Риддер ЖЭО-ны жөндеу жұмыстарына 7,3 млрд теңге бөлінгені хабарланған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер