Риддердегі тіл дауы жайлы
Байқағаным: солтүстік өңірлерде тіл дауы жиілей бастапты. Бұны азаматтық сананың оянуы, құқықтық сауаттың артуымен байланыстыруға болатын шығар.
Дегенмен, видеодағы Аманат партиясының өкілі дұрыс айтып тұр. Бізде мемлекет қызметкеріне, шенеуніктерге мемлекеттік тілді білу міндетті талап емес. Яғни, мемлекеттік тілді білмей кез келген мемлекеттік қызметті, тіпті басшылық қызметті де атқара беруге болады. Сондықтан видеодағы адамға артық ештеңе дей алмайсыз.
Бар талапты орталық билікке бағыттау керек. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, мемлекеттік тілді білуі міндетті қызметтер тізімін жасамайынша, бұл арбаның дөңгелегі қисайып тұра береді.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығын Конституцияда бекіту ұсынылды