Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасы мерзімінен асып кеткені анықталды.
Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
- Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүріп жатыр, - деп Ішкі істер ведомствосы мәлімдеме жасады.
«Адырна» ұлттық порталы