Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасы мерзімінен асып кеткені анықталды. Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.- Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүріп жатыр, - деп Ішкі істер ведомствосы мәлімдеме жасады.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
Candidate for the President of the Republic of Kazakhstan Meyram Kazhiken met with Shymkent students
In the Almaty region, the volume of investments in the field of tourism amounted to 9.9 billions tenge
