Ақтөбе облысының Полиция департаменті 2 544 642 мың теңгеге үш есік жасатпақ​

3289
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының Полиция департаменті​ үш есікті ауыстыру үшін 2 544 642 теңгелік тендер ойнатқан, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы goszakup.gov.kz сайтына сілтеме жасап. ​

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті аталған тендердің өтетіні туралы хабарды 8-тамыз күні жариялап, бес күн ішінде, яғни 13-тамыз күні бір көзден “Prof Catering” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген.​

Бірінші есіктің құны - 1 071 428 теңге 57 тиынға, екінші есік - 821 428 теңге 57 тиын, үшінші есік 651 785 теңге 71 тиынға бағаланған (Үш есіктің ортақ құны - 2 544 642 мың теңге). ​

Техникалық сипаттамада тендер жеңімпазы есіктің орнын алдын-ала өлшеп алуы, есіктің салмағы 100 келіден аспауы, есік орнатылғаннан кейін оның айналасын қайта қалпына келтіруі, сыртқы көрінісі заманауи стандартқа сәйкес болуы, есіктің қалыңдығы 50-90 мм кем болмауы керектігі секілді ұқсас талаптар жазылған. ​

Құны екі жарым миллион теңге тұратын өте ақылды бұл есіктер халықты полициядан қорғай ма, жоқ әлде полицейлерді халықтан оқшауламақ па? Бұл сұраққа жауап беру қиын. Десе де, мемлекеттік маңызды мекеменің қауіпсіздігі үшін есіктің мығым болғаны қажет те шығар. Бірақ, бізді “Полиция департаменті бұрын есіксіз тұрды ма? Есікпен тұрса, олар не себепті жарамсыз болып қалды?” деген сұрақ мазалайды. Қалай дегенмен де, халықтың салығынан жиналған қаржының сұрауы болуы керек қой...​

Қанат Бірлікұлы​

Адырна ұлттық порталы​

Пікірлер