Тоқаев министрлерге Президент әкімшілігіне жалтақтамай, міндеттерін атқаруды тапсырды. Сондай-ақ, реформалардың іске асырылуына негізінен атқарушы билік жауап беретінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Біріншіден, нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершілік толығымен министрлерге жүктеледі. Өйткені олар өзінің бұйрығымен жедел шешім қабылдап отыруға тиіс. Бұл – әкімдерге де қатысты мәселе, – деді президент.Екіншіден, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап бермек.
Бюрократияға және сөзбұйдаға салынбай, Президент әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс, – деді Тоқаев.Одан бөлек, Президент әкімшілігіне қандай міндеттер жүктелетіні де айтылды.
Үшіншіден, Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды, – деді президент.
Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed
