Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні мектепте намаз оқуды құптайтындығын айтты

6099
Adyrna.kz Telegram
Қоғам белсендісі Тоғжан Қожалы мектепте намаз оқу мәселесіне тоқталып, өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
- Жұмыс және мектеп уақытында бір ғана намаз бар. Түскі ас уақытындағы құлшылық. Оны келесі намазға дейін оқуға болады. Қазір, мысалы, Алматыда бұл сағат 12.58-ден 17.46-ға дейін. Сондықтан мектептер намазханаға айналмайды.
Айтпақшы, мұғалімдер, мектеп қызметкерлері, әсіресе, қазақ мектептері мен ауылдарда діндарлар көп. Олар да сонда діни бостандық пен намаз қылу құқығынан бас тарта ма?
"Сыныптардың тарлығы" туралы... Намаз қылу үшін 2 шаршы метр мен арнайы пердесі ғана қажет. Әлде мен мәселенің неде екенін түсінбеймін бе? Немесе миллиондағандардың діни сенімі мен ҚР азаматтарының  бостандығына, құлшылықтағы жайлылығына назар аударудың қажеті жоқ па?
Біз үшін зайырлылық пен діндарлықты үйлестірген Түркияның даму моделі өте қолайлы. Бірақ түріктердің менталитетіне дейін біз әлі өспеген сияқтымыз. Бізге Иран, Сирия, Ауғанстанды айтып, қорқытпаңыз, өтінемін. 12-ғасырға қайтадан оралмаймыз. Қазақстан тарихы мен қазақтардың менталитетін түсінбейтіндерді қорқытып-үркітуді тоқтату қажет, - деді автор.
Сонымен қатар, қоғам белсендісі өзінің 12 жастан бастап намаз оқитынын, 30 жылға жуық ораза ұстағанын айтты.
Бұған қатысы депутат, журналист Ермұрат Бәпи пікір білдірді. Ол:
- Тоғжан, сен әлдекімге әдейі істеп жүрсің бе, жоқ әлде шынайы ниетің осындай панисламдық пайымда ма? Соңғы кездері мен сенің желідегі қылығыңды түсінбей кеттім, қарындасым! - деп жазды.
Орайы келгенде айта кетейік, Қазақстанда хиджаб пен орамал тағу, білім мекемелеріндегі форма мен құлшылық мәселесі оқу жылы басталған сайын өршиді. Кеше оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамда дау туғызып жатқан мектепте хиджаб кию тақырыбына қатысты тағы да пікір білдірді, белгіленген мектеп формасын сақтауды еске салған болатын. 
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мужу 65 лет, а потенция как у юноши! Помогает обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдёт за 5 минут благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер