Министр шудан кейін оқушылар мектепке бекітілген формамен келу керек екенін айтты

2565
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамда дау туғызып жатқан мектепте хиджаб кию тақырыбына қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет кулуарында журналист өткен аптада шенеуніктің хиджаб тақырыбына нақты жауап бере алмауынан қазір әлеуметтік желіде үлкен дау туындап жатқанын айтқан.

"Мектепке хиджаб киіп келуге бола ма? Нақты жауап беріңізші. Себебі қазір әлеуметтік желіде (Оқу ағарту министрлігі) мектепте хиджаб киюге рұқсат берді деген ақпарат тарап жатыр", - деген журналист.

"Конституция бойынша Қазақстан зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың (мектептегі) формасы мен киміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар мектепке оқушы формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Бәрі заң аясында әрі балалар мектепке белгіленген тәртіп бойынша келуі керек", - дейді министр Ғани Бейсембаев.

Журналист шенеуніктен мектепке хиджаб киіп келуге рұқсат бар-жоғын тағы да нақтылаған.

"Бұйрық бойынша солай, формамен мектепке келу керек. Мектепке келудегі мақсат - баланың сапалы білім мен саналы тәрбие ала алуы. Енді көтеріп отырған мәселе (мектепте оқушылардың хиджаб киіп келуі - еск.) мұны шеше ала ма? Бірінші кезекте біз негізгі мақсат пен адамдардың қосымша ойын шатастырмауымыз керек. Бала (мектепте - еск.) сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз етуге міндетті. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауға міндеттіміз", - деп жауап берген ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер