Президенттік жастар кадрлық резервіне өтінім қабылданады. Кадр резервіне жаңа резервшілер салалық қажеттілікті ескере отырып іріктеледі.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының м.а Асхат Такебаев брифинг барысында айтты.
Спикердің айтуынша, іріктеу талаптары жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді меңгерген ҚР азаматы қатыса алады.
Баспасөз-мәслихаты барысында қатысушылар 6 негізгі сала бойынша 6 кезеңненен өту міндетті екені айтылды.
Атап айтсақ:
* резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттар құжаттар қабылдануынан өту;
* мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
* ситуациялық тапсырмаларды шешу;
* ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат;
* сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу.
Сондай-ақ, биыл үміткерлер ұлттық комиссия сұхбатынан өтеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу екі жылда бір рет өтеді. 2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдарда жұмыс істейді. Ал Алматы облысында 2019 жылдың көрсеткіші бойынша 800 адам өтінім берсе, оның үшеуі резрвке өтіп, қазіргі таңда қызмет атқаруда. Негізі Президенттің кадрлық резервіне қабілеті жеткен кез келген жастың ілігу мүмкіндігі бар», – дейді Асхат Такебаев.
Брифинг соңында спикер жастарды іріктеуге белсенді қатысуға шақырып, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру маңыздылығын айтты.
Айта кету керек, резервке іріктеуге қатысу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады.
"Адырна" ұлттық порталы