Мыңдаған ресейлік пен белорустың Литваға кіруіне тыйым салынды

36872
Adyrna.kz Telegram

Литва мемлекеті Ресей Федерациясы мен Беларуссияның 1164 азаматына Украинаға қарсы соғысты қолдағаны үшін виза беруден бас тартты. "Соғыс жақтаушылары" республиканың қауіпсіздігіне қауіп төндірді деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей Федерациясының Украинаға қарсы басқыншылық қадамдары басталғаннан бері Литва билігі соғысты қолдайтын 1100-ден астам ресейліктер мен белорустарға ұлттық визалар мен елде тұруға рұқсат беруден бас тартты. Соғыс жақтаушыларының Литваға қауіп төндіретіні айтылып, елге кіруге тыйым салынған. Бұл туралы 4 тамызда Литваның көші-қон департаменті хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша,  виза немесе тұруға ықтиярхат беру барысында Ресей мен Беларуссияның барлық ересек азаматтары сауалнама толтыруы тиіс.  Сауалнамада өтініш берушінің соғысқа қатысты көзқарасы сұралады. Ресей Федерациясының Украинаға қарсы ашқан соғысына байланысты көзқарасын білдіру талап етіледі.Сауалнама бойынша, қазірде  910 Беларусь азаматы және 254 Ресей азаматы Литваға қауіп төндіреді деген қорытынды шығарылған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Найден злейший враг боли в суставах! Присядьте, а то упадете
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер