Соғыс шарты өзгерді. Зеленский Украинаның қарсы шабуылға шығуға дайын екенін мәлімдеді

4745
Adyrna.kz Telegram

Владимир Зеленский Украинаның қорғанып болып, ендігі кезекте Ресейге қарсы шабуыл қадамдарын бастауға дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина халқы басқыншылыққа ұрынған аймақтар үшін жан алсып, жан берісуге дайын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Украина Қарулы Күштері Ресейге қарсы шабуыл жасауға дайын, бірақ басып алынған аймақтарды босату үшін біраз уақыт сарп етуіміз мүмкін, - деді Украина президенті Владимир Зеленский The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында.

Зеленскийдің айтуынша, Киев батыстағы одақтастарынан көбірек қару алғысы келсе де, елі қару кезеніп, өз топырағын қайтарып алуға дайын отыр. Халқының шыдамы таусылғанын жеткізіп, "Біз бірнеше ай күте алмаймыз", — деді Украина президенті.

"Шынымды айтсам, ойға алған санқилы жоспар бар, олар бір-біріне ұқсамайды. Бірақ біз мұны жүзеге асыруға дайынбыз", - деді Зеленский.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

 

Пікірлер