Алакөлде оқыс жағдай болды. Өкінішке қарай, көлге түскен демалушының аяғын су мотоциклінің ескегі жұлып кеткен. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Оқыс оқиға 30 шілде күні болған. Демалушы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы көл жағалауында
Көлге түсемін деп зардап шегушінің 1984 жылы туғаны айтылды. Қазір демалушы Алакөл ауданының ауруханасына жеткізілді. Су көлігі оның сол аяғын жұлып әкеткен.
«Қазір науқастың жағдайы ауыр. Ол арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда», - делінген Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция оқиға бойынша тергеуді бастады. Қазақстан Республикасы ҚК 344-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Адырна" ұлттық порталы