Сингапурда соңғы 19 жылда алғаш рет әйел адам дарға асылды. Оның өлім жасасына кесілуіне есірткі саудасымен айналысқаны себеп болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сингапур заңына сәйкес, 500 грамнан астам каннабис пен 15 граммнан астам героин сатқаны анықталып, сотталғандарға өлім жазасы қарастырылған.
Сингапурда соңғы рет әйелге өлім жазасы 2004 жылы қолданылған. Содан кейін 36 жастағы шаштараз Йен Мэй Воен де есірткі сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды CNN.
Осы аптада Сингапурда өлім жазасы есірткі сақтағаны үшін тағы бір адамға қолданылды. 57 жастағы Мохд Азиз бен Хуссейн таза героинге есептегенде шамамен 50 г есірткі сатқаны үшін өлім жазасына кесілді.
Құқық қорғау топтары, халықаралық белсенділер мен БҰҰ Сингапурды есірткіге қатысты қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесуді тоқтатуға шақырды әрі олардың пайымынша, бұл жаза есірткі саудасына тосқауыл бола алмайды. Сингапур билігі өлім жазасы есірткіге сұраныс пен ұсынысты тоқтатуда маңызды деп санайды.
Елдегі құқық қорғау топтары 2022 жылдың наурызында дарға асу қайта басталғаннан бері есірткімен байланысты қылмыс жасаған 15 адам өлім жазасына кесілгенін айтады, орта есеппен алғанда айына бір адам дарға асылады деуге болады.
"Адырна" ұлттық порталы