Қазақ балаларына бабаларының кім болғанын танытатын құнды кітаптар жарық көрді

4114
Adyrna.kz Telegram
Қазақ балаларына бабаларының кім болғанын танытатын құнды кітаптар жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Бұл жайлы әлеуметтік желіде экономист, қоғам белсендісі, баспагер Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.
- Балаларымыз бабаларын танып өскені жөн. Болар баланың арманы болады, оны іске асыру үшін мақсат қояды, оған жететін жоспар жасайды, үлгі тұтар тұлғалары болады, оларға ұқсап бағады. Қазақтың сайын даласы, бүгініміз өздігінен бола салған жоқ. Әр қадым жеріміздің, әр жеткен жетістіктің артында белгілі бар тұлғалар тұр. Көбінің аты өшті. Біз білетін тұлғалар айсбергтің ұшы ғана. Олар туралы кітаптар жазылмай жатқан жоқ, бірақ аз тиражбен тарап, кітапханаларға ғана жетеді, нарықта жоқ. Алайда көбі ересек оқырманға арналған, - деп жазды автор.
Мұнымен қоса алғанда, Шыңғыс Мұқан жарыққа шыққан кітаптардың рухани құндылығы мен маңыздылығына тоқталды:
- Ал ұлы тұлғалары туралы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап жоқтың қасы. Осы олқылықты толтырмақ болып Mazmundama “Ол кім?” сериясын қолға алды. Ұйымшыл ұжымымыз былтыр “Ахмет Байтұрсынұлы кім?” кітабын шығарды, биыл “Әлихан Бөкейхан кім?”, “Қаныш Сәтбаев кім?”, “Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім?” шықты. Бұл кітаптардың авторы белгілі балалар жазушысы, журналист Серікбол Хасан, - деді ол.
Кітаптардың тұсауы Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасынд кесілді.
"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер