Кеше, 27 шілде Шымкентте Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде «Ордабасы» мен Польшаның «Легия» клубтарының жанкүйерлері арасында қақтығыс болды. Желіде оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бейнежазбада жанкүйерлердің бір-біріне қол ала жүгіргенін көруге болады. Ақ жейде киген поляк фанаттарының жергілікті жанкүйердің бірінің басынан ұрғаны, оған Шымкенттің тұрғынының жауап бергені түсірілген.