Төрт жыл бұрын Максим Споткай Қазақстанның тұңғыш президентінің алдында сөз сөйлегенде, Нұрсұлтан Назарбаев оны мақтап, болашақта республика президенті болуға үміткер атанса, таңғалмаймын деген еді
Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің басшысы болып Максим Споткай тағайындалды. Бұдан бұрын ол NUR Media холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Басқарушы партия баспасөз қызметінің жаңа басшысын Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды.
Сол кезде Елбасы дарынды қазақстандықты мақтап, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.
"Біраз уақыттан соң Мәке Қазақстан президенті болуға кандидат атанса, қазақ тілін осындай дәрежеде білгендіктен, ешкім таңғалмас еді", - деген еді Қазақстанның тұңғыш президенті төрт жыл бұрын.
Sputnik