Оппозиционер Әблязовтың ағасы Алматы әуежайында ұсталып, үйқамаққа алынды

2082
Adyrna.kz Telegram

Шетелдегі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың ағасы Қуаныш Нұрғазин 24 шілдеде Алматы әуежайында ұсталып, мырзақамаққа алынды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Прокуратура Нұрғазинды Әблязовтың ағасы Қуаныш Нұрғазинді "сыбайласы" деп атады. Ағасының өз еркімен елге оралғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Бас прокуратура Қуаныш Нұрғазинді Әблязов басқаратын «BSC» ЖШС-ның номиналды директоры ретінде атайды. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырғанын жазады.

"Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған", - деп жазды прокуратура.

Прокуратура Нұрғазиннің сотталушы бола тұра ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұзып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынғанын алға тартады.

"Ол 12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған. Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді. 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 25 шілдеде сот оны үйқамаққа ауыстырды" деп жазды прокуратура хабарламасында.

Дегенмен шетелде тұратын экс-банкир, билікті ашық сынап жүрген Мұхтар Әблязов ағасының ұсталғанына қатысты пікір білдірмеді.

Орайы келгенде айта кетейік, Мұхтар Әблязов 1990 жылдардың ортасынан бастап Қазақстан үкіметінде жұмыс істеген. 2001 жылы "Қазақстан демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болған.

2017 және 2018 жылдары Қазақстан соты Мұхтар Әблязовты 20 жылға сырттай соттаған. Қазақстан билігі оны "аса ірі көлемде ақша жымқырды, 2004 жылы бизнес-серіктесі Ержан Тәтішевке жасалған қастандықты ұйымдастырды" деп санайды. Әблязов тағылған айыптардың бәрінің саяси астары бар деп санайды.

Қазақстан билігі Әблязовтың ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған. Еуропарламент бұл қозғалысты "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер