Негізі, "бөлінгенді бөрі жейді" деген мақалдың мағынасы терең.
Халыққа:
- біздің "өз жолымыз" бар
- біздің жол ерекше: "бірінші - экономика, сосын - саясат"
- біз: басқадан бөлекпіз, өзгеміз, ерекшеміз, жоғарымыз, "төреміз", т.б. деп МЕНМЕНСУГЕ болмайды.
Ондай ел түбі құриды.
Сонымен қатар, жасанды, өтірік:
- "Гейропа", "АҚШ пен НАТО" деп басқадан қорқып жүруге,
не болмаса:
- ішкі жау, "халық жауы", "басқаның агенті" деп іріткі салып, елді оқшаулау, қорқыту да жақсылыққа алып келмейді.
КСРО, басқа емес, осылай: "Мен басқадан ерекшемін" деуден құлады.
БҮГІНГІ АЛАШҚА да: "біз Евразия экономика одағы", ОДКБ, ШОС, біленбай деп ДАМЫҒАН ӘЛЕМНЕН оқшауланып, "жабылып қалуға" болмайды.
Ондай болатын болса, екінші рет "1991 жыл" болмайды. БІЗДІ БӨРІ ЖЕЙТІН болады. 100% Жабылмайық!
"Ұлы Жібек Жолын" қайта жандандырайық.
Біз сонда ғана ДАМЫП, БАЙ да ҚУАТТЫ елге айналамыз.
Біздің жол ерекше емес.
Біздікі: "ДАМЫҒАН ӘЛЕММЕН БІРГЕ".
Алаш ешкімнен кем де, артық та емес.
Ұқсас жаңалықтар
НКВД құжаттарын ІІМ неліктен құйрығының астына басып отыр? “Алаш” деп еңірегенде етегі жасқа толатын шенеуніктер сондай кезде қайда қалады?