21 шілдеден бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үлкен Алматы айналма жолы» учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұйрыққа сәйкес, бір сағат ішінде жүріп өткен сапардың құны:
Жеңіл автокөлік – 241,5 теңге (0,07 АЕК);
16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 276 теңге (0,08 АЕК);
32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 483 теңге (0,14 АЕК );
32 жолаушы орнынан автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 552 теңге (0,16 АЕК );
Жүк көтергіші 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 690 теңге (0,2 АЕК);
Жүк көтергіші 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері, тартқыштар – 759 теңге (0,22 АЕК).
Бұдан бөлек құжатта көрсетілген санаттағы көліктер үшін бір ай және бір жылға абонемент сатып алу қарастырылған.
Ай сайынғы жазылым құны:
жеңіл автокөліктер үшін: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
16 орындық автобустарға және жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 мың теңге);
32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне: бір айға – 1 АЕК (3 450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
32 орындық автобустар мен автопоездың сыйымдылығы 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін: бір айға – 2 АЕК (6 900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге);
жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп жүк автомобильдерi үшiн, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары: айға – 2,5 АЕК (8 625 теңге), жылына – 25 АЕК (86 250 теңге).