ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК: Амангелдіні беру - позицияны беру. Демократияға нұқсан. Өзі де оңайлықпен беріспес. Дегенде біздің болысуымыз керек секілді.

1713
Adyrna.kz Telegram
Қадірлі қаламдас інім Ермұрат (Бапи),
Кеш есітіп қапы соғып жатырмын. Оңтүстікте ақиқатшыл, мемлекетшіл, күрескер демократ Амангелді Батырбеков есімді журналист бар. Бар, болады да. Оған күманданбаймын. Бірақ, осы азаматтығы асқан, ақиқатшыл қаламдасты оңтүстіктің хұқықшылары түрлі сылтаумен қамап тастапты. Толық себебін біле алмай отырмын. Кешегі 30 жылда ақиқатшыл журналисті қамай салу мәселе емес-ті. Ал, бүгін, демократияға шындап қадам басқан бүгінгі күні бұл ұят. Қ. К. Тоқаев саясаты жергілікті жерлерде жүзеге аспай отыруының бір көрінісі секілді.
Ең бір сорақысы Амангелдідей арлымызды қамауға салушылар, күні кеше Сарыағашта бес жасар бейкүнә сәбиді зорлап өлтірген қаныпезерді бұрынғы қылмысынан босатып жіберген жақтастары деседі.
Ұзын сөздің қысқасы, Ермұрат мына Амангелді әріптесіңнің ісіне жоқ уақытыңды бар етіп көзіңді сал. Араша түсейік. Амангелдіні беру - позицияны беру. Демократияға нұқсан. Өзі де оңайлықпен беріспес. Дегенде біздің болысуымыз керек секілді.
Сен баста. Мен Сенің қасыңдамын.
Ағалық жүректен, Құлбек Ергөбек!
19.07.2023

 

Пікірлер