Актив пен Kcell қолданушылары сапасыз байланысқа шағымданды

1544
Adyrna.kz Telegram

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде мобильді интернет нашарлаған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Таңертең Activ/Kcell ұялы байланысының пайдаланушылары қосылым ақауларына шағымданды. Бұл туралы желіде Activ және Kcell қолданушыларынан бірқатар пікір келіп түскен. Ақпаратты Kcell компаниясы да растап отыр.

«Техникалық бөлімше қызметкерлерінің жұмысының арқасында Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріндегі бірқатар қалаларда деректерді беру қызметінің болмауы фактісі анықталып отыр. Қазіргі уақытта компания мамандары қызметтің жылдам қалпына келу себебін анықтауда», - деп жауап берді компания өкілдері.
Байланыс қалпына келтірілгенде компания қызметкерлері дереу хабарлайтындығын мәлімдеді.

Пікірлер