ТҰРЫСБЕК СӘУКЕТАЕВ: 30 жыл ішінде Мәдениет министрлігі ықылас танытып, Мағауиннің бір кітабын да басып шығарған емес.

2632
Adyrna.kz Telegram

Азаттық алғалы бергі 30 жыл ішінде М.Мағауин өзінің азат Отаны тарапынан бірде-бір марапат, сый-құрмет көрген жоқ; 30 жыл ішінде небір халтурщиктердің тонналап макулатурасын шығарып жатқан Мәдениет министрлігі ықылас танытып, Мағауиннің бір кітабын да басып шығарған емес. (12 томдық һәм 25 томдық шығармалар жинағын әдебиеттің қадір-қасиетін білетін, жазушы талантына шексіз құрметпен табынатын меценат азаматтар өз қаржысына шығарып берді).

Мұның аты не? «Көрмес – түйені де көрмес» демеске амалымыз қайсы. Жә, бұл кесірлі НӘН-байдың заманындағы тұлғаны таптауға арналған рухани кеселді қысастықтың көрінісі делік. Ал бірақ бүгінгі жаңа кезеңде не өзгерді? Жаңа, Әділетті Қазақстан Мұхаңдай алыбына жүрегі елжіреп, құшағын жайды ма? Әзірге ондай ықыласты көре қойған жоқпыз. Сол баяғы сыз қабақ, көк сіреу мұз көңілдің көбесі сөгілмеген сияқты. Есесіне, НӘН-сіз таңы атып, тауығы шақырмайтын жол-жорғалар қалпағын айналдырып киіп, жаңаша сайрап, бұрынғыша үпіл-мәлік боп жүр.

 

Тұрысбек Сәукетаев

 

 

 

Пікірлер