Қазақстандық шіркеу автономды болуы керек - шіркеу қызметкері Иаков Воронцов

2897
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық шіркеулер автономды болуы керек. Бұл туралы «Жақып Аққұлақ» есімімен танымал православ дінбасы Яков Воронцов «ORDA news»-ке берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстандағы шіркеуді орыс православ шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл басқарады. Еліміздегі діни орындар — орыс православие шіркеуінің құрамдас бөліктері. Бұдан бөлек, Қазақстанда діндар адам епископ таңдай алмайды. Оны Мәскеуден тағайындап, бізге жібереді.
Қазақстандық шіркеу автономды болуы керек. Бұл туралы алғаш мен айтқан жоқпын. Елде өзін-өзі басқаратын шіркеу құру мәселесі тоқсаныншы жылдардан бері көтеріліп келеді. Не үшін ресейліктер епископты өздері таңдай алады? Ал қазақстандықтарда неге бұндай құқық жоқ? Не себепті біз арнайы тағайындалған шетелдік адамға шыдауымыз керек? Ол біздің тұрмысты, мәдениетті білмейді»,—деді шіркеу қызметкері.

Айта кетейік, қазақ тілінде інжілді тәпсірлеуімен белгілі Яков Воронцов маусымда қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Пікірлер