Бүгін, 13 шілде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 31 жыл, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.
ҰҚК басты қызметтері:
- мемлекеттің, қоғамның, тұлғалардың қауіпсіздігі жолында мемлекеттік қауіпсіздік шараларын құрастыру және жүзеге асыру.
- Қазақстан Респбликасына қажетті болған барлау қызметін жүзеге асыру ;
- Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа мемлекеттік немесе жеке тұлғалардың барлау қызметтерін анықтау, тексеріп жолын кесу.
- Қазақстан Республикасының біртұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін болған, конституцияның күштеп өзгертілуіне немесе жойылуына әкелуі мүмкін болған террористтік не басқа да қызметтерді анықтап жолын кесу.
- Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік органдарды, Қарулы күштерді және басқа да әскери ұйымдарды бейбіт және соғыс кезінде байланыспен қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік және бақа да ұйымдарда, әскери қызметтерде шифрлік қызмет ұйымдастыру.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау.