Түркияда домбыра аспабының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақтың ұлттық аспабының ескерткіші Ақтеңіз жағалауындағы Анталияда бой көтерді. Оның биіктігі 3 метрден асады. Монумент қаланың Кепес ауданында ашылған жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы саябақтың қақ ортасында орналасқан. Е скерткіш қоладан құйылып жасалған.
Түркиядағы су жаңа ескерткіштің бой көтеруіне елде өмір сүретін жерлестеріміз қуанып, ашылу салтанатына көптеп келген.
Ұқсас жаңалықтар
"Жер сілкінсе де, Ыстамбұлдағы ”апаларымыз” дым болмағандай ақылын саудалап өліп жатыр" - Әсем Ережекқызы