Алматыда «Ғылым және технологиялық саясат» туралы заң жобасы талқыланды

1035
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына барды.

Мәжіліс депутатымен өткен кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Басқарма басшысы Күнсұлу Закарья мен академия қызметкерлері, сондай-ақ белгілі ғалымдар қатысты. Дөңгелек үстел форматында өткен жиын негізінен мәжілісте әзірленген «Ғылым және технологиялық саясат» туралы заң жобасына арналды.

Асхат Қанатұлы заңда негізге алынған өзекті мәселелер туралы айтып, әлі де толықтырылуы тиіс жайттарды ортаға салды. ҚР ҰҒА Басқарма басшысы Күнсұлу Закарья назардан тыс қалған бірқатар мәселеге тоқталып өтті.

Басқосу негізінен отандық ғылымды дамыту тақырыбына арналды. Ғалымдарға қолайлы орта мен жағдай жасау туралы, ғылымды танытудың алғышарттары жайлы әңгіме өрбіді. Мәжіліс депутаты өз сөзінде бұл алғашқы жиын екенін айтып, ғылым төңірегінде әлі де талай басқосу болатынын жеткізді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер