Уимблдон-2023: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты

4337
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Елена Рыбакина Лондонда өткен жылғы атағын қорғап жатқан қазақстандық теннисші үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің сексен тоғызыншы ракеткасы Кэти Бултермен шеберлік байқасты.

Бұл қос спортшының алғашқы кездесуі.  Бултер өз елінде өнер көрсетіп жатқандықтан, барын салатыны әрі жергілікті жанкүйерлердің оны жақтайтыны түсінікті болатын.

Бірінші партияда брейк жасаған Елена 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын өз геймін қиналмай алды – 6:1.

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчты кезекті брейкпен тәмамдады – 6:1.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.

Пікірлер